Юлия Путинцева жұптық сында WTA 250 турнирінің финалына жетіп сүрінді

Сурет: ktf.kz
Осакада (Жапония) WTA 250 турнирінің жұптық сын бойынша финалдағы ойындары өз мәресіне жетті. Шешуші матчқа Қазақстан теннисшісі Юлия Путинцева да қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстанның екінші ракеткасы ресейлік Анна Калинскаямен бірге соңғы мачта Анна-Лена Фридзам (Германия)/ Надежда Киченокпен (Украина) шеберлік байқасты.

1 сағат 34 минутқа созылған матчта неміс-украин жұбы 7:6 (7:3), 6:3 есебімен жеңіске жетті. Олар 1 эйс жасап, 14 брейк-пойнттың төртеуін пайдалана білді.

Путинцева мен Калинская 7 брейк-пойнттың үшеуін ғана сәтті орындай білді. 

Осылайша, Юлия Путинцева жұптық сында барынша сәтті өнер көрсетіп, Жапониядағы жарыстың финалына дейін жетті.

Айта кетсек, бұдан бұрын Юлия Путинцева осы турнирде жекелей сында ұтылып қалған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанда нысандарды бұзуға жаңа жолмен рұқсат беріледі