Алматылық оқушы дайындық деңгейін пысықтап, жаңа министрді "ұрып көрді"

Сурет: видеодан алынды
Алматыдағы спорт мектебінің 7-сынып оқушысы Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаевпен бірге бокстан жаттығу өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министрліктің баспасөз қызметі атап өткендей, "Шаңырақ" ықшам ауданындағы республикалық мамандандырылған олимпиадалық резерв мектеп-интернат-колледжінің 7 А сынып оқушысы Бейсебек Сарым бокспен айналысады және министрмен кездесу барысында өзінің дайындығын көрсетті.

Министр Алматының спорт мекемелерін аралап, олардың материалдық-техникалық базасымен, өзекті мәселелерімен танысып, оқытушылармен және жаттықтырушылармен әңгімелесті.

Сондай-ақ, ол Қазақстан тарихында еркін күрестен тұңғыш әлем чемпионы атанған Ризабек Айтмұқанның әкесі Қанат Жолдасбаймен кездесті. Министр Белградтағы әлем чемпионатының алтын жүлдесімен құттықтап, чемпионды тәрбиелегені үшін алғыс білдірді.


Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Көз тиген баланы қалай емдейді?

Танымал актер Шәріп Серік бес тәулікке қамауға алынды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстанда жасанды интеллект ұлттық орталығы ашылатын болды

Қарағанды ​​облысында құс фабрикасын алапат өрт шарпыды