Швейцариялық теннисші Стэн Вавринканың Astana Open турниріндегі матчы сенсациямен аяқталды

Маркос Гирон. Сурет: ktf.kz
Швейцариялық теннисші, әлемнің 47-ракеткасы Стэн Вавринканың Astana Open турниріндегі матчы сенсациямен аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Стэн Вавринка турнирдің алғашқы айналымда АҚШ өкілі Маркос Гиронмен кездесіп, жеңіліп қалды.

Үш сет те тай-брейкке дейін ұласты. Алғашқысында швейцариялық теннисші 7:6(6) есебімен жеңді. Екінші партияда АҚШ теннисшісі есе қайтарды - 7:6(4).

Стэн Вавринка. Сурет: ktf.kz

Соңғы, шешуші сетте америкалық Маркос Гирон тағы да тай-брейкте жеңіп, матчты жеңіспен аяқтады.

Еске салайық, бұған дейін Astana Open турнирінің алғашқы айналымында франциялық Адриан Маннарино, аустриялық Юрий Родионов жеңіске жеткенін жазған едік.

Ал жұптық сында Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Недовесов Эквадор өкілі Гонсало Эскобармен бірге бірінші айналымда Себастьян Баэс (Аргентина) пен Бернабе Сапата Миральесті (Испания) 6:3, 6:2 есебімен жеңді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды