Александр Недовесов Astana Open турнирінің ширек финалына жолдама алды
Сурет: ktf.kz
Астанада Astana Open ATP 250 сериясындағы турнирдің жұптық сындағы алғашқы матчтары өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жұптық сын бойынша Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Недовесов Эквадор өкілі Гонсало Эскобармен бірге бірінші айналымда Себастьян Баэс (Аргентина) пен Бернабе Сапата Миральесті (Испания) 6:3, 6:2 есебімен жеңді.
Александр мен Гонсалоның ширек финалындағы қарсыластар кейінірек анықталады.
"Дэвис кубогынан кейін Астанада болдым, осы турнирге жақсылап дайындалу үшін Қытайдағы жарыстар сериясынан бас тарттым. Маған бұл корт жақсы таныс, сондықтан тез бейімделіп кеттім және бүгінгі матчқа және жалпы жеңісіме өте разымын. Мен әрқашан өзіме жоғары мақсаттар мен міндеттер қоямын, ал өз еліңде ойнау – екі есе жауапкершілік, сондықтан Астанадағы осы турнирде жеңіске жеткім келеді", - деді Александр Недовесов матчтан кейінгі баспасөз мәслихатында.
Қазақстандық теннисші сонымен бірге биылғы турнирде жұптық сын бойынша өнер көрсететін спортшылар туралы ойын айтты.
"Биыл өте мықты ойыншылар жиналған. Мате Павич пен британиялық Джейми Маррей келді: Павич "Үлкен дулыға" турнирлерінде жұптық сын бойынша және миксте алты рет жеңіске жеткен. Бірақ бұдан қорқудың керегі жоқ, өйткені мұндай бәсекедегі жеңістің дәмі екі есе тәттірек болады", - деді ол.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript