Рыбакинаның қарсыласы анықталды. Қазақстан спортшысына performance bye тағы бұйырмады

Сурет: j48tennis.net
Бейжіңде (Қытай) 30 қыркүйек пен 8 қазан аралығында теннистен WTA-1000 санатындағы турнир өтеді. Жебер тартылып, жарыстың бірінші айналымында бақ сынайтын спортшылардың тізімі белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жарысқа Қазақстанның үш өкілі қатысады: Елена Рыбакина, Анна Данилина және Юлия Путинцева. Еліміздің алғашқы ракеткасы Рыбакина Бейжіңде өз ойынын бірінші айналымынан бастайтын болды. Елена бесінші нөмір алды. Бастапқы матчта ол Азия ойындарының қазіргі чемпионы қытай теннисшісі Чжэн Циньвэньмен ойнайды.

Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева өз ойынын біліктілік кезеңінен бастайды. Ол ресейлік Элина Аванесянмен кездеседі.

Анна Данилина ресейлік Александра Пановамен бірге жұптық сында өнер көрсетеді. 

Токиодағы (Жапония) WTA-500 турнирінің жартылай финалистері, ресейліктер Анастасия Павлюченкова мен Вероника Кудерметова, сондай-ақ америкалық Джессика Пегула мен Греция өкілі Мария Саккари екінші айналымға тікелей жолдама (performance bye) алды.

Қытай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі