Азиада-2022: Қамшыбек Қонқабаев "алтынға" таласатын болады

Сурет: olympic.kz
Қазақстан боксшысы Қамшыбек Қонқабаев Ханчжоуда (Қытай) өтіп жатқан 2022 жылғы Азия ойындарының финалына шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

92 келіден астам салмақ дәрежесінде жартылай финалдық жекпе-жекте Қамшыбек Қоңқабаев Үндістан боксшысы Бервал Нарендермен қолғап түйістіріп, әділ қазылардың бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңіске жетті. Сондай-ақ ол боксшылар арасында олимпиадалық лицензияны алғашқы болып иеленді.

Осылайша, Қамшыбек Қоңқабаев Ханчжоуда өтіп жатқан Азиа ойындарында бокстан Қазақстан құрамасының алғашқы финалисі атанды және ол алтын медаль үшін таласатын болады. Оның финалдағы қарсыласы - өзбекстандық Баходир Жалолов.

Айта кетсек, Қамшыбек Қоңқабаев 2020 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, Әлем чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері (2017, 2019), Азия чемпионатының төрт дүркін (2017, 2019, 2021, 2022) күміс жүлдегері болып табылады, сондай-ақ әскери қызметшілер арасындағы әлем чемпионы (2014).


Қытай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі