15-ші күміс медаль! Қамшыбек Қоңқабаев финалда қарсыласына жол беріп қойды

Сурет: ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі
Ауыр салмақта өнер көрсеткен Қамшыбек Қоңқабаев Өзбекстан боксшысы Баходир Джалоловқа жол беріп, "алтын" жүлдеге қол жеткізе алмады, деп хабарлайды Zakon.kz.

5 қазанда кешке Хуанчжоуда өтіп жатқан Азия ойындары аясында шаршы алаңда Қазақстан мен Өзбекстанның екі ауыр салмақтағы боксшылары қолғап түйістірді. 

92 келіден жоғары салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Қамшыбек Қоңқабаев Ханчжоуда өтіп жатқан Азия ойындарының күміс медаліне ие болды. Ал өзбекстандық Баходир Джалолов алтын медаль иеленді. 

Бұған дейін Қоңқабаев 2024 жылғы Олимпиада ойындарының лицензиясын ұтып алған болатын. 

Бұған дейін қазақстандық боксшы Карина Ибрагимова Тайпей өкілі (Тайвань) Ю Тин Линнен финалда жеңіліп, Азиаданың күміс жүлдегері атанған болатын. 

Қытай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысында не айтты

Мемлекеттік қордан тұрғын үйді жекешелендіру: өзгерістер енгізілді

Экономикалық интеграцияны тереңдету бағытында ауқымды жұмыс атқарылды – Тоқаев ЕАЭО туралы

Сауле Базарханның өлімінен кейін депутат Денсаулық сақтау министрлігін қатаң тексеруге шақырды

Қорғауға жататын жеке деректердің тізбесін Конституция арқылы нақтылау ұсынылды