Карина Ибрагимова бокстан Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды

Карина Ибрагимова, бокс, Азия ойындары, күміс медаль, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.10.2023 18:03 Сурет: Instagram/boxingkazakhstan
Қазақстандық боксшы қыз Карина Ибрагимова финалда Тайпей өкілі (Тайвань) Ю Тин Линнен ұтылып, Азиа ойындарының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аталған 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі шешуші жекпе-жектің алдын ала болжамдары бойынша, басымдық Карина Ибрагимованың қарсыласы жағында болды. Екі дүркін әлем чемпионы Ти Лин жекпе-жектің алғашқы минуттарынан бастап артықшылыққа ие болып, сенімді түрде жеңіске жетті. Есеп: 5:0.

Карина Ибрагимова Қазақстан құрамасының қоржынына 14-ші күміс медальды салды.

5 қазанда рингке шығатын Қамшыбек Қоңқабаевтың (92 келіден жоғары салмақ дәрежесінде) алтын медаль алу мүмкіндігі бар. Оның қарсыласы – Өзбекстан боксшысы, Олимпиада чемпионы Баходир Джалолов, ол соңғы кездері ешкімге дес бермей келеді.

Қазір Қазақстан құрамасының активінде 60 медаль бар: 8 алтын, 14 күміс және 38 қола жүлде.

Бұған дейін Ибрагимова Парижде өтетін Олимпиада ойындарына лицензия ұтып алған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: