Бейбіт Жұқаев пен Михаил Кукушкин Шанхай мастерс жарысының екінші айналымына жолдама алды

Сурет: ktf.kz
Қазақстандық теннисшілер Бейбіт Жұқаев пен Михаил Кукушкин Шанхай мастерс жарысының екінші айналымына шықты, деп хабарлайды Zakon.kz Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап.

Қазақстандық, әлемнің 302-ракеткасы Бейбіт Жұқаев Шанхай (Қытай) мастерс турнирінің екінші айналымына жолдама алды.

Бұл — Ақтау теннис мектебінің түлегі, 22 жастағы Бейбіт Жұқаевтың өз спорт жолындағы алғашқы мастерс жарысы еді.

Іріктеу сайысынан кейін негізгі жарысқа өткен Бейбіт бірінші айналымда әлемнің 252-ракеткасы, италиялық Стефано Наполитаномен кортқа шықты. Қазақстандық теннисші 7:5, 7:5 есебімен жеңіске жетті.

Бейбіт Жұқаев үшінші айналымға шығу үшін әлемнің 14-ракеткасы, ресейлік Карен Хачановпен кездеседі.

Жарысты іріктеу сайыстарынан бастаған, дүниежүзілік рейтингте 245-орында Михаил Кукушкин бастапқы кездесуін әлемнің 81-ракеткасы, франциялық Александр Мюллермен сәтті өткізді.

Бірінші партияда тай-брейкте франциялық спортшы 7:6 (8:6) есебімен басым түсті. Дегенмен содан кейін Кукушкин ойын тізгінін өз қолына ала білді – 6:3, 6:2.

Михаил Кукушкин екінші айналымда әлемнің 33-ракеткасы, ұлыбританиялық Дэниел Эванспен шеберлік байқасады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Құрбысы екеуі мотоциклмен келе жатып арқанға соғылған: Риддерде оқушы қыз қаза тапты

Самокат енді ойын-сауық құралы емес: Бас прокуратура қазақстандықтарға жаңа ережелерді еске салды

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді