Азия ойындары: су добынан Қазақстан құрамасы қола медаль үшін Иранмен ойнайды

Сурет: Спортты дамыту дирекциясы
Су добынан Қазақстан ерлер құрамасы Ханчжоуда өтіп жатқан жазғы Азия ойындарының жартылай финалында жарыс қожайынымен шеберлік байқасты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазіргі Азиада чемпионы мен биылғы сары құрлық чемпионатының жеңімпазы арасындағы матч алғашқы минуттан бастап тартысқа толы болды. Бірінші ширекте қазақ ватерполшылары 3-2 есебімен алға шыққан. Ал қалған екі сетте жарыс қожайыны басым болды. Негізгі уақыт 13-13 аяқталды. Пенальти сериясында Қытай құрамасы жеңіске жетті.

Ханчжоудағы бәсекені Ұлттық құрама В тобында бастап, Гонконг пен Сингапурдан басым түсті. Екінші матчта Жапонияға есе жіберген. Сосын ширек финалда Оңтүстік Кореяны 15-8 есебімен жеңген.

Енді қола медаль үшін Қазақстан мен Иран, алтын үшін Жапония мен Қытай таласады.

Жалпы Қазақстан ерлер құрамасы Азия ойындары тарихында 1994 жылдан бері 6 мәрте чемпион атанып, бір рет үздік үштікті түйіндеген (2006 жылы).

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Ақордада "Астана-Көгалдандыру құрылысы" мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлына "Құрмет" ордені табысталды

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады

"Тісі жоқ болғандықтан ұялған": сүйістен бас тартуы жас қазақстандық қыздың өміріне қауіп төндірді