Дидар Әмірәлі Азия ойындарының чемпионын жеңіп, екінші жүлдесіне қол жеткізді

Сурет: olympic.kz
Дидар Әмірәлі Ханчжоуда өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында WKF каратэден Ұлттық құрама қоржынына кезекті медальді салды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақ спортшысы 67 келіге дейінгі салмақтың қол жүлдесі үшін жекпе-жекте ирандық Амир Заде Махдиді жеңді. Есеп: 7-2.

Дидар үшін бұл жазғы Азиаданың екінші медалі. Ол 5 жыл бұрын Джакартадағы сары құрлық Олимпиадасында күміс жүлдегер атанған. Ал қарсылас осымен төртінші Азия ойындарына қатысып тұр. Ирандық татами шебері 60 келіге дейінгі салмақта 2014 жылы Инчхонда чемпион атанып, 2018 жылы Джакартада күміс жүлдеге ие болған. Тағы екі дүркін әлем және Азия жеңімпазы деген атағы бар.

Қазақ каратэшісі бүгін алғашқы айқасында Вирак Чрун (Камбоджа), Пань Хуэй Чен (Гонконг), ал ширек финалда Сельвам Кумардан (Малайзия) мықты екенін дәлелдеген. Алайда жартылай финалында Иордания құрамасының спортшысы Абдель Рахман Алмасатфадан жеңіліп қалған. Есеп: 2-10.

Айта кетейік, Дидар Әмірәлі осы спорттағы ең беделді бәсекенің бірі Премьер-лига турнирлерінде тор жарып, бірнеше мәрте медаль жеңіп алған. Сондай-ақ 27 жастағы атлет Азия чемпионатының 5 дүркін жүлдегері.

Қазір Қазақстан делегациясының еншісінде барлығы 72 медаль – 9 алтын, 19 күміс пен 44 қола бар.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Абай облысында сотталғанға телефон жеткізбек болған азамат анықталды

12 қыркүйектегі валюта бағамы қандай

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Елена Рыбакина US Open-2026 чемпионы атанды!

Астанадан Алматыға ұшып шыққан ұшақта әйел адамның жағдайы күрт нашарлаған