Қазақстандық каратэші Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды

Сурет: Спортты дамыту дирекциясы
WKF каратэден Ұлттық құрама спортшысы Данияр Юлдашев Ханчжоуда өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында күміс медальге ие болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кумите бағдарламасында 84 келіге дейінгі салмағықтағы үздікті Данияр Юлдашев пен Мұхаммад Ариф Афифуд бин әл-Малик анықтады. Тартысқа толық жекпе-жекте Малайзия спортшысы басым түсті.

Данияр бүгін татамиге 3 мәрте шықты. Әуелі іріктеуде Теерапаттан (Таиланд), сосын ширек финалда Тайбэй атлеті Вэй Чен Удан, жартылай финалда Иордания өкілі Мұхаммед әл-Жафариден басым түсті.

Айта кетейік, Данияр 2018 жылы Джакартада өткен жазғы Азиадада қола медаль жеңіп алған. Сондай-ақ ол – әлем чемпионатының қола, Премьер-лига бәсекелерінің бірнеше дүркін жүлдегері. Азия чемпионатында 2 алтын, 2 күміс пен 2 қола жүлдеге қол жеткізген.

Қазір Қазақстан делегациясының еншісінде барлығы 73 медаль – 9 алтын, 20 күміс пен 44 қола бар. ХІХ Азиада ертең мәресіне жетеді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда қалың қар мен нөсер жаңбыр жауып, -9 градусқа дейін аяз болады

29 қазандағы Астана, Алматы және Шымкенттегі айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Синоптиктер болжамды өзгертті: Алматыда жаңбыр мен үсік болмайды

Қазақстанда жыл сайын 260 млн текше метрге дейін су үнемдеу жоспарланып отыр

Қазақстанда білім басқармаларының міндеттері мен өкілеттіктері өзгерді