"Қайрат" футболдан Ресейдің тоғыз дүркін чемпионы "Зенит" командасымен тең түсті

Сурет: Zakon.kz
Бүгін Алматыға Ресей футболының көшбасшысы – Санкт-Петербургтің "Зенит" командасы келді. Матчты 20 500 көрермен тамашалады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ойынның 8-ші минутында есепті ҚПЛ чемпионатының үздік бомбардирі, "Қайраттың" шабуылшысы Жуан Паулу ашты. Алайда, 29-шы минутта "Зенит" есепті 1:1 есебімен теңестірді. Голдың авторы - Александр Ерохин.

Ойынның екінші жартысында "Зенит" барлық жетекші бразилиялық легионерлерді алаңға шығарып, шабуылды күшейтуді мақсат етті. 

70-ші минутта "Қайрат" тағы да алға шықты, голдың авторы - Офри Арад.

Ал 85-ші минутта Густаво Мантуан "Зенитке" тағы бір мүмкіндік сыйлап, "Қайратты" қуып жетті, есеп 2:2.

Ойынның үздік ойыншылары ретінде "Зениттен" Александр Ерохин, "Қайраттан" Жуан Паулу танылды.

Айта кетсек, "Қайраттың" экс-мүшесі Нұралы Әліп Данияға қарсы матчта ҚР құрамасы сапында өнер көрсететін болғандықтан, бұл ойынға қатысқан жоқ.

"Зенит" – Петерборлық ресейлік футбол клубы. 1984 жылғы КСРО чемпионы, Ресейдің тоғыз дүркін чемпионы, 1944 жылғы КСРО кубогының иегері, Ресей Суперкубогының сегіз дүркін иегері, 2003 жылғы Премьер лига кубогының жеңімпазы, 2007/2008 жылдарғы УЕФА кубогының иегері, 2008 жылғы УЕФА Суперкубогының иегері.  

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін