Қазақстан шахматшысы 2023 жылғы әлем чемпионы атанды

Сурет: Instagram/drs_kz
Италияның Пула қаласында шахматтан 20 жасқа дейінгі ойыншылар арасында әлем чемпионаты өтті. Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан шахматшысы Ксения Балабаева жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

18 жастағы қазақстандық Ксения Балабаеваға 2023 жылғы әлем чемпионатындағы блиц санатында тең келер ешкім болмады. Ал тағы бір жерлесіміз Әмина Қайырбекова осы пән бойынша жарыстың күміс жүлдегері атанды, деп хабарлады ҚР Спортты дамыту басқармасы.

Ерлер арасында "блиц" санатында Қазақстан шахматшысы Арыстан Исанжолов жеңімпаздар қатарында болды.

Шахматшыларымыз "рапид" кезеңінде де тамаша нәтиже көрсетті. Ксения Балабаева екінші орын алса, Зейнеп Сұлтанбек үздік үштікті түйіндеді.

Осылайша, шахматтан Қазақстан жастар құрамасы бес медаль жеңіп алды: бір алтын, екі күміс және екі қола.

Жақында Ксения Балабаева мен Әмина Қайырбекова 2023 жылы Польшаның Быдгощ қаласында өткен әйелдер арасындағы командалық әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алғанын ерекше атап өткен жөн.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды