IV Азия Пара ойындарының чемпионы жеңісін Қазақстан халқына арнады

Сурет: видео скрині
IV Азия Пара ойындарының чемпионы жеңісін Қазақстан халқына арнап, келе жатқан Республика күнімен құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Бізді қолдап, әрдайым жылы сөздер айтқандарыңыз үшін рақмет! Бүгін Ханжоу қаласында Азия Пара ойындарында алтын медальге қол жеткіздім. Негізі әр белдесуім қиынға соқты. Әсіресе, ақтық сынды айтқым келеді. Өйткені қарсыласым қытайлық дюздошы болды. Белдесуім қиын өтті, бірақ соңында жеңіске жеткеніме өте қуаныштымын және осы жеңісімді барша қазақс халқына арнаймын. Келе жатқан Республика күні құтты болсын!" Ақмарал Науатбек

Еске салайық, бүгін пара дзюдодан J2 cанаты бойынша 48 келі салмақта өнер көрсеткен Ақмарал Науатбек Ханчжоуда өтіп жатқан Азия Пара ойындарының алтын жүлдесіне ие болды. Ол ақтық сында Қытай спортшысы Ли Личиннен басым түсті.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мобильді интернеттің дамуы: 5G желісін пайдалану қарқыны артты

Биыл 595 мың теңге, 2027 жылы 770 мың теңге – жүктілік пен босануға байланысты төлем қалай есептеледі

Жалақы, қосымша төлемдер және даулы мәселелер бойынша мұғалімдер 1472 нөмірінен кеңес ала алады

Игорь Лепеха ішкі істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды

Қазақстандық әйелдер 2026 және 2027 жылдары декретке шыққанда қанша төлем алады