"Астана-Балкани" матчы: Қос команданың бастапқы құрамы белгілі болды

Сурет: kff.kz
"Астана" Конференциялар лигасының топтық кезеңінде Косовоның "Балкани" командасымен алаң сыртында ойнайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Командалардың бастапқы құрамы белгілі болды:

"Балқани" командасының бастапқы құрамы: Количи, Тхачи, Делова, Яшаница, Траши, Лимай, Куч, Зюба, Грипши, Бериша, Крюэзиу;

"Астана" командасының бастапқы құрамы: Чондрич, Аманұлы, Бейсебеков, Досмағамбетов, Қуат, Йованчич, Оганесян, Дарбо, Эбонг, Урега.

Матч Астана уақыты бойынша сағат 22:45-те басталады, оны "Qazsport" телеарнасынан тікелей эфирден көре аласыздар. 

Конференциялар лигасының тобында екі матч өткізген "Балкани" үш ұпайға ие. "Астанаға" келетін болсақ, оның қоржыны әзірге бос. Екінші турда "Балкани" топтың басты фавориті — хорватиялық "Динамоны" (Загреб) 2:0 есебімен жеңіп, сенсация жасады. "Астана" өз алаңында чехиялық "Викториядан" (Пльзень) 1:2 есебімен жеңіліп қалған болатын. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды