Футболдан Қазақстан құрамасы Сан-Мариноны жеңді

Сурет: akorda
Футболдан Қазақстан құрамасы Сан-Мариноны жеңді. Есеп 3:1, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ислам Чесноков бірінші таймның 19-минутында қарсыластар қақпасына алғашқы голды соқты. Ол 51-минутта екінші голды салып, дубль жасады.

60-минутта Сан-Марино құрамасы Қазақстан құрамасына алғашқы голын соқты. Авторы - Франкиоси. Абат Айымбетов Қазақстан - Сан-Марино матчында 90(+2) минутта пенальтиден үшінші голды соқты.

Бұл - Қазақстанның Еуро-2024 іріктеу кезеңіндегі алтыншы жеңісі. Қазір Қазақстанның қоржынында 18, Словения мен Данияда 19 ұпайдан бар.

Бүгінгі ойынды тамашалау үшін стадионға 30 100 жанкүйер жиналған.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан ұлттық құрамасының Сан-Марино командасына қарсы ойынына қолдау көрсету үшін "Астана Арена" стадионына барды

Президентпен бірге ұлттық құрамаға қолдау білдіру үшін даңқты спортшылар, спорт ардагерлері мен мәдениет қайраткерлері де барды.

Олардың арасында Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген, мини-футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Паулу Рикарду Фигейра Силва (Кака), футбол ардагерлері Михаил Гурман мен Вахид Масудов, бапкер Дмитрий Огай, олимпиада чемпиондары Ольга Рыпакова, Дмитрий Баландин және тағы басқалары бар.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

Синоптиктер тамыз айына арналған ауа райы болжамын жариялады

"Жақсы жаңалығым бар!". Мемлекеттік білім гранттары иегерлерінің тізімі 7 тамызда жарияланатыны белгілі болды

Жасанды интеллектке сенген қытайлық фермер 10 гектар жердегі егінін жойып алды

Магистратура грантына кімдер таласа алады