"Астана" Конференция лигасының топтық кезеңіндегі ойында "Динамодан" жеңіліп қалды

Сурет: instagram.com/fca.astana
"Астана" Конференция лигасының топтық кезеңіндегі ойында өз алаңында Загребтің "Динамосын" қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz "ҚазАқпарат"-қа сілтеме жасап.

Кездесуді астаналық команда футболшылары белсенді бастады. Дегенмен олардың тарапынан көп қателік болды.

Астаналық команда плей-офф сатысына өту үшін осы кездесуде жеңіске жетуге тиіс еді.

Ойынның 12-минутында хорватиялық команда қақпасына белгіленген пенальтиден Дембо Дарбо мүлт кетті. Бірінші кезеңде таблодағы есепке өзгеріс енген жоқ.

Екінші кезеңді "Астана" футболшылары белсенді бастаған еді.

Соған қарамастан, 48-минутта хорватиялық командадан Габриэль Видович гол соғып кетсе, Такуро Канеко 79-минутта қорытынды есепті белгіледі.

Осылайша, "Астана" қарсыласына 0:2 есебімен жеңіліп қалды.

"Астана" мен "Динамо Загреб" бұған дейін бес мәрте шеберлік байқасты, бәрінде хорватиялық клуб басым түсті.

"Астана" енді 15 желтоқсанда сырт алаңда чехиялық "Викториямен" кездеседі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты