"Еуро-2024" іріктеу кезеңінде Асхат Тағыбергеннің соққан голы ең үздік деп танылды

Сурет: Instagram/bateka_11
Футболдан Қазақстан құрамасының капитаны Асхат Тағыбергеннің соққан голы Еуропалық футбол қауымдастықтары одағының (УЕФА) нұсқасы бойынша "Еуро-2024" іріктеу кезеңіндегі үздігі деп танылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Еуро-2024" іріктеу кезеңіндегі үздік голды анықтау үшін дауыс бергендер Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Асхат Тағыбергеннің Даниямен арада болған ойында ұпайды теңестірген добын таңдады", делінген УЕФА сайтында 2023 жылы 1 желтоқсанда жарияланған хабарламада.

Еуропалық іріктеу кезеңінің ТОП-10 голын УЕФА-ның техникалық бақылаушылары анықтады, содан кейін жанкүйерлерге дауыс беру мүмкіндігі берілді. 

"УЕФА-ның техникалық бақылаушылары Тағыбергеннің алыстан соққан голын сегізінші орынға қойды, бірақ жанкүйерлердің дауыс беруінде ол бірінші орынға ие болды. Албания құрамасының ойыншылары – Ясир Асани мен Кристиан Асланидың доптары екінші және үшінші орындарға жайғасты". УЕФА

Жанкүйерлердің таңдауы бойынша "Еуро-2024" іріктеу кезеңіндегі үздік голдар:

  1. Асхат Тағыберген (Қазақстан – Дания 3:2) – 2-Тур, 26.03.23 (Техникалық байқаушылардың таңдауы бойынша ТОП-10-да 8-ші орында тұр).
  2. Ясир Асани (Албания – Польша 2:0) – Тур 6, 10.11.23 (ТОП-10-да 7-ші тұр).
  3. Кристиан Аслани (Фарер аралдары – Албания 1:3) – Тур 4, 20.06.23 (ТОП-10-да 5-ші тұр).


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды