Қазақстандық теннисші Мысырдағы турнирдің финалында ойнады

Сурет: ktf.kz
Шарм-эль-Шейхте (Мысыр) ITF сериясы турнирінде жұптық сындағы финалдық кездесу аяқталды. Қазақстандық теннисші Григорий Ломакин бас жүлде үшін матч өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Григорий Ломакин ресейлік спортшы Евгений Филипповпен бірге ұлыбританиялық Бен Джонс/Дэвид Стивенс дуэтімен өткен тартысты айқаста 6:7 (5:7), 6:7 (2:7) есебімен жеңіліп қалды.

Ломакин Мысырда өткен турнирдің жекелей сынында бірінші айналымнан аса алмады.

25 жастағы қазақстандық теннисші әлемдік ATP жұптық рейтингінде 304-орында, ал ресейлік теннисші 592-орында тұр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Қар жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 2 қарашаға арналған ауа райы болжамы

"Тұман түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Алматыда жүргізушілерді наразылық акциясына шығуға үндеген ер адам 15 тәулікке қамалды

Жезқазғанда өрт кезінде төрт адам арнайы құтқару қалпақтарының көмегімен құтқарылды

Биыл Абай атындағы мемлекеттік сыйлық ешкімге бұйырмайтын болды