"Құрбанов күміс алуы керек еді". Бас бапкер Азия ойындарында төреші қате жібергенін айтты

Сурет: olympic.kz
Спорттық гимнастикадан Қазақстан командасының бас бапкері Александр Ким биылғы маусымды қорытындылап, Нариман Құрбановтың Азия ойындарындағы нәтижесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz olympic.kz-ке сілтеме жасап.
"Меніңше, Нариман кем дегенде күміс жүлдегер атануы керек еді. Алайда, бір төреші оған үнемі төмен баға қойып отырды. Кейін өзінен қателік кеткенін айтып, бізден кешірім сұрады. Бірақ жеңімпаздар анықталып қойған соң, ресми хаттамаға ешқандай өзгеріс енбейді. Десе де, Нариманның ат снарядында қола медаль алғанын жоғары бағалаймын. Инчхондағы (2014 жыл) және Джакартадағы (2018 жыл) Азия ойындарында гимнастарымыз медальсіз қалған еді. Құрбанов осы олқылықтың орнын толтырды. Азия ойындары мен әлем чемпионаты бір уақытта өткендіктен, құраманың үздік спортшыларын екіге бөлуге тура келді".  Александр Ким

Еске сала кетейік, Нариман Құрбанов Ханчжоудағы Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек