Астанада өтетін жеңіл атлетикадан турнирге әлем рекордшылары келе жатыр

Сурет: olympic.kz
Азия құрлығында алғаш рет World Athletics Indoor Tour Gold 2024 аясында Astana Indoor Meet for Amin Tuyakov Prizes атты жеңіл атлетикадан алтын деңгейлі халықаралық турнир өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

27 қаңтарда Астанада басталатын серия 23 ақпан күні Мадридте аяқталады. Осы аралықта жеті турнир өткізілмек.

Тур қорытындысы бойынша әрбір дисциплинадан көп ұпай жинаған спортшы жеңімпаз деп жарияланып, 10 000 АҚШ доллары көлемінде бонус алады. Сондай-ақ оларға Глазгода өтетін жеңіл атлетикадан  жабық кешендегі 24-әлем чемпионатына қатысу ұсынылады.

Астанада төмендегі жеңіл атлетика түрлерінен жарыс өтеді:

Әйелдер: 400м, 60 м, 1 миль (1 609, 34м), 60м кедергілер арқылы, биіктікке секіру, ұзындыққа секіру.

Ерлер: 60м, 60м кедергілер арқылы, 3000м, сырықпен секіру, ядро лақтыру.

Турнирге қатысу үшін жарияланған спортшылар арасында жеңіл атлетиканың әлемдік жұлдыздары – сырықпен секіруден қазіргі әлем рекордшысы Арманд Дюплантис, 5 000 метрге жүгіруден қазіргі әлем рекордшысы Гудаф Цегай, сондай-ақ 200 метрге жүгіруде "Гауһар лигасы" финалының жеңімпазы – канадалық спринтер Арне де Грасс бар.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Дүниежүзі бойынша халық саны көп 10 ел

Алматы маңындағы көрікті жерлер