Australian Open – 2024: Бублик пен Недовесовтің жұптық сында кіммен бірге ойнайтыны анықталды

Сурет: ktf.kz
Аустралия ашық чемпионатында қазақстандықтар Александр Бублик пен Александр Недовесовтің жұптық сында кіммен бірге ойнайтыны анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жаңа жылдың алғашқы "Үлкен дулыға" турнирінде Бублик ресейлік Аслан Карацевпен жұптасып кортқа шығады.

Тағы бір қазақстандық Александр Недовесов сыралғы серіктесі, эквадорлық Гонсало Эскобармен бірге бақ сынамақ.

Аустралия ашық біріншілігі 16-27 қаңтар аралығында өтеді.

Негізгі турнирде Қазақстаннан Елена Рыбакина, Александр Бублик, Юлия Путинцева, Анна Данилина (жұптық сын, микст) және Александр Недовесов (жұптық бәсеке) өнер көрсетеді.Оған қоса Бейбіт Жұқаев, Денис Евсеев және Тимофей Скатов іріктеу сындарынан өтуге тырысып көреді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Нұрболат Мағзұмов ҚР Президенті Әкімшілігінің бөлім меңгерушісі болып тағайындалды

Отбасының цифрлық картасы қалай толтырылып, жүргізіледі

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Арабтар мұнайын Сингапурдың жер асты қоймасында сақтайтын болды

Астана мен Алматыда үсік жүреді: 27-29 қыркүйектегі үш мегаполистің ауа райы болжамы

Қазақстан мен Қытай "Қорғас" халықаралық орталығында қауіпсіздікті қамтамасыз етпек