"Қайрат" командасы футзалдан Қазақстан кубогының иегері атанды

Сурет: видеодан алынды
Алматылық "Қайрат" командасы "Семейді" жеңіп, футзалдан алтыншы рет қатарынан Қазақстан кубогының иегері атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан кубогының "төрттік финал" ойындарын Түркістан қаласы қабылдады.

Бейсенбіде жартылай финал өтсе, жұмада медальдар сарапқа салынды.

Соңғы матчта "Қайрат" ойынның аяқталуына үш минут қалғанда екі гол соғып, 5-3 есебімен жеңіске жетті.

Алматылықтар сапында Денер хет-трик тіркеді, ал Дәурен Тұрсағұлов пен Эдсонның активінде бір-бір голдан бар. "Семей" сапында Дедезиньо дубль авторы атанды, тағы бір допты Гильерме Тейшейра соқты.

Бұған дейін "Ақтөбе" шымкенттік "Ордабасымен" кездесіп, 6:1 есебімен жеңіске жеткен болатын. Осылайша Ақтөбе командасы үздік үштікті түйіндеді.

Түркістан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ақмолада 5 және 6-сыныптарды біріктіріп оқыта бастаған: ата-аналар наразылық танытып жатыр

Қазақстандық әйел сөмкесіне патрон салып, басқа қалаға ұшпақ болған

Әзірбайжанда ковидке байланысты карантин режимінің мерзімі 2027 жылға дейін ұзартылды

Қазақстанда CVK қаржы пирамидасының жетекшісі сотталды: 474 мың доллардың криптоактиві бұғатталды