Қазақстандық теннисшілер халықаралық турнирлерді сәтті бастады

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 46-ракеткасы Александр Недовесов Аделаиде (Аустралия) ATP 250 турнирінің екінші айналымына финалына шықты, деп хабарлайды Zakon.kz Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап.

Қазақстандық теннисші эквадорлық Гонсало Эскобармен бірге алғашқы айналымда бразилиялық Тьяго Уайлд – Перу өкілі Хуан Пабло Варильяспен сынға түсті. Қазақстандық-эквадорлық дуэт 6:2, 6:4 есебімен жеңіске жетті. Александр Недовесов – Гонсало Эскобар ширек финалға шығу үшін жарыстың 7-ракеткалары, ұлыбританиялық Ллойд Глaсспул – нидерландылық Жан-Жюльен Ройермен сынға түседі. 

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 44-ракеткасы Анна Данилина Хобарт (Аустралия) WTA 250 турнирінің ширек финалына шықты. Өткен аптада Окленд (Жаңа Зеландия) WTA 250 жарысында жеңімпаз атанған А.Данилина бұл жолы украиналық Надежда Киченокпен жұп құрып, Хобартта 4-ракетка болып тіркелді. Бірінші партияда Данилина – Киченок 7:5 есебімен басым түсті. Олар екінші сетті де брейкпен бастады – 2:0. Дегенмен есеп 5:4 болып, матчқа доп бергенде, Л.Морозова – К.Питер брейк жасап кетті. Есесіне тай-брейкте Анна мен Надежда ұпай ұстатқан жоқ – 7:6 (7:0). Анна Данилина – Надежда Киченок жартылай финалға шығу үшін аргентиналық Надя Подороска – мысырлық Маяр Шерифпен кездеседі. 

Жібек Құламбаева жұптық сында Нонтхабури (Таиланд) ITF  W50 турнирінің ширек финалына шықты. Жарыстың 2-ракеткасы болып тіркелген Ж.Құламбаева грекиялық Сапфо Сакелларидимен бірге бастапқы кездесуін жапониялықтар Аои Ито – Эрика Семамен өткізді. Бірінші партияда қазақстандық-грекиялық жұп тай-брейкте ептілік танытты – 7:6 (7:2). Екінші сет одан оңайлау болды – 6:2. Жібек Құламбаева мен Сапфо Сакелларидидің ширек финалдағы қарсыластары кейін анықталады.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: