Әмір Омарханов - жасөспірімдер арасындағы Australian Open ширек финалына шыққан алғашқы қазақстандық

Сурет: ktf.kz
Қазақстандық Әмір Омарханов жасөспірімдер арасында Аустралия ашық чемпионатының ширек финалына шықты, деп хабарлайды Zakon.kz Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап.

Әлемде жасөспірімдер рейтингісінде 27-орында тұрған Қарағанды теннис мектебінің түлегі қазақстандықтардан алғашқы болып осындай нәтижеге қол жеткізіп отыр.

Әмір Омарханов үшінші айналымда әлемдік рейтингіде өзінен бір саты жоғары тұрған оңтүстіккореялық Чанджун Кимді қапы қалдырды.

Бірінші сетте қазақстандық спортшы 6:3 есебімен басымдылық танытса, екіншісінде Ким есе қайырды.

Есесіне шешуші, үшінші сетте Омарханов 19 минутта қарсыласына еш мүмкіндік қалдырған жоқ – 6:0.

Тартысты бәсеке 1,5 сағаттан астам уақытқа созылды.

Әмір Омарханов жартылай финалға шығу үшін жасөспірімдер арасында әлемнің 25-ракеткасы, нидерландтық Мес Ротгерингпен кездеседі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ресейде жаңа заң қабылданды: еңбек мигранттарының балалары 18 жасқа толған соң елден кетуі тиіс