Әлемнің ең үздік марафоншысы Кенияда жол апатынан қайтыс болды

Сурет: Instagram/worldathletics
Кенияның батысында болған жол апатынан 24 жастағы әлемдік марафон рекордшысы Келвин Киптум қайғылы қазаға ұшырады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кенияның Nation басылымының хабарлауынша, Киптум Toyota Premio көлігін басқарған, оның ішінде де екі жолаушы болған. Спортшы тізгінге ие бола алмай, көлік жолдан шығып кетіп, үлкен ағашқа соғылды.

Қайғылы оқиға салдарынан Киптум мен оның жаттықтырушысы Жерве Хакизимана оқиға орнында көз жұмды. Шэрон Косги есімді жолаушы ауыр жарақат алды.

Киптум 2023 жылы 23 сәуірде Лондон марафонында жеңіске жеткенде жеңіл атлетиканың супер жұлдызына айналды. Ал 8 қазанда ол Чикаго марафонында классикалық қашықтықты екі сағат 35 секундта бағындырып, әлемдік рекордты жаңартты. Рекордты өткен аптада Халықаралық жеңіл атлетика федерациясы ресми түрде растады.

Бес күн бұрын Киптум және оның командасы Роттердам марафонында екі айдың ішінде 42 км, 195 метр жолды екі сағаттан аз уақыт ішінде өтуді жоспарлап отырғандарын хабарлады.

АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі