Рамис Дінмұхаметов мәреге үшінші болып жетті

Сурет: Instagram/qaz_olympics
Үндістан астанасы Делиде өтіп жатқан велотректен ересектер арасындағы 43-ші Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына 2-медаль түсті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Топтан тыс қалу жарысында Рамис Дінмұхаметов қола жүлдеге ие болды. Осы бағдарламада әйелдер арасында Ұлттық құрама көшбасшысы Рината Сұлтанова жүлдеге бір табан жетпей, 4-сатыдан көрінді.

Ал спринтте Дмитрий Резанов мәреге 10-шы, Андрей Чугай 13-болып жетті.

Айта кетейік, Рамис былтыр Малайзияда өткен сары құрлық додасында жекелей сында күміс, командалық жарыста қола медаль жеңіп алған. Сосын, Ханчжоуда өткен жазғы Азия ойындарында "мэдисон" бағдарламасында Артем Захаровпен жұптасып, қола жүлдегер атанған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

TikTok-тағы тікелей эфир: Тараз тұрғыны бес тәулікке қамауға алынды

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Қазақстандықтар паспорт пен жеке куәлікті арнайы терминал арқылы рәсімдей алады

+40°С-қа дейін: Қазақстанда аптап ыстық қайта күшейеді