Шерзод Давлатов дзюдодан әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды
Сурет: olympic.kz
Қазақстандық дзюдошы Шерзод Давлатов Бакуде (Әзірбайжан) өтіп жатқан әлем чемпионатының финалында бақ сынады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Отандасымыз 60 келіге дейінгі салмақта жеңіс тұғырының екінші сатысына көтерілді.
Шерзод финалда Әзірбайжан өкілі Ахмад Юсифовқа жол берді.
Осылайша Шерзод Давлатов әлем чемпионатын күміс жүлдемен қорытындылады.
Еске салайық, бұған дейін дзюдошы Шерзод Давлатов Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатының финалына шыққанын хабарлаған едік.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript