Рыбакина WTA 1000 турниріндегі ойынын кілт үзіп, жарысқа ары қарай қатысудан бас тартты

Сурет: ktf.kz
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Индиан-Уэллсте өтіп жатқан "Мастерс" турниріндегі ойынын кілт үзді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол өзі үшін бұл атақтың маңызды екенін атап өтті.

"Денсаулығыма байланысты биылғы жылы Индиан-Уэллс турниріне қатыса алмайтынымды хабарлауға тура келіп тұр. Менің жақын адамдарым бұл турнирдің мен үшін қаншалықты маңызды екенін және оған оралып, атағымды қалай қорғағым келгенін жақсы біледі", – деп The Tennis Letter Рыбакинаның сөзін келтіреді.

Сондай-ақ ол барлық жанкүйерге алғыс білдіре отырып, қалпына келгеннен кейін ойынға оралуға уәде берді.

"Мені қолдауға келген барлық жанкүйеріме алғыс айтқым келеді, әрине биылғы жылғы менің ойынымды көре алмайтындықтары, өкінішті. Кортқа оралып, әдемі ойын өрнегін көрсету үшін мен демалып, қалпыма келіп алайын".

Елена Рыбакина екінші айналымда аргентиналық Надия Подорошкомен ойнауы керек еді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі