Нариман Құрбанов қандай жағдайда Олимпиадаға жолдама алады

Сурет: olympic.kz
Спорттық гимнастикадан Қазақстан командасының бас бапкері Александр Ким құрама спортшысы Нариман Құрбановтың Париж Олимпиадасына қатысу мүмкіндігін бағамдады, деп жазады Zakon.kz oympic.kz-ке сілтеме жасап.

Нариман Құрбанов гимнастикалық ат снаряды бойынша лицензиялық әлем кубогінің үш кезеңінен соң 66 ұпаймен екінші орында келеді. Ал Олимпиада жолдамасы төрт әлем кубогінің қорытындысы бойынша жалпы есепте алғашқы екі орынға ие болған спортшыларға беріледі. 

"Нариман 66 ұпаймен екінші орында. Ал Әзербайжанда топ жарған тайпейлік Ли Чи Кай 38 ұпаймен үшінші орында келеді. Бірінші орында иорданиялық Абу Ахмад иеленіп отыр. Енді бәрі Дохада өтетін соңғы әлем кубогінде шешіледі. Нариманға кем дегенде төртінші орын алу керек. Сонда тайпейлікпен ұпайы теңеседі. Ал жүлделі үш орынның  біріне ие болса, сөзсіз Олимпиадаға барады. Сондықтан, Курбанов Катар астанасында барын салуы керек", - деді бас бапкер. 

Айта кетейік, Дохадағы әлем кубогінің соңғы кезеңі 13-21 сәуір күндері өтеді. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі