Бакудегі бәсекенің ақтық айқасына тағы бір боксшымыз жолдама алды

Сурет: instagram.com/boxingkazakhstan
60 келі салмақ дәрежесіндегі Талғат Сырымбетов жартылай финалда өзбек жігіті Бахтиер Асадовтан басым түсті, деп хабарлайды Zakon.kz Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Жалпы Талғат бетін екі қолымен жауып, жабық жұдырықтасатын боксшы. Дегенмен жұдырық сілтегенде соққысының жылдамдығына көз ілеспейді. Асадовты да әбден зерттегені көрініп тұрды. Бірінші раундтан басымдығын байқатқан жерлесіміз қарсыласына еш мүмкіндік бермей жеңіске жетті", - деп хабарлады бокс федерациясының баспасөз қызметі.

Еске салайық, бұған дейін қазақстандық боксшылар Теміртас Жүсіпов пен Тимур Қабдеш Бакуде өтіп жатқан турнирдің финалына шыққанын жазған едік. Олар жартылай финалда ресейлік қарсыластарын жеңді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев: Енді 15 наурыз – Конституция күні болып белгіленеді

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

"Социс-А" ҚР жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі референдумдағы экзитпол нәтижелерін жариялады

Референдум: үшінші экзитпол нәтижелері жарияланды

Еуразиялық интеграция институтының экзитпол нәтижелері