Бокстан жасөспірімдер арасындағы АЧ-2024: Қазақстан қоржынына алты алтын медаль түсті

Сурет: Оlympic.kz
Бокстан Астанада өтіп жатқан жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында отандық спортшы Төрехан Сабырхан алтын медаль иеленіп, төрт дүркін Азия чемпионы атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық олимпиада комитетінің хабарлауынша, 67 келі салмақта сынға түскен Төрехан Мұхаммадазизбек Исмаиловты (Өзбекстан) жеңді. Финалдық кездесуде қарсылас спортшы екі рет нокдаун алып үлгерді.

Осылайша, Төрехан Сабырхан Азия чемпионатындағы Қазақстан қоржынына салынған алтын медаль санын алтауға жеткізді. 

Айта кетелік, одан бөлек бүгін Өнер Сейілхан, Толғанай Қасымхан, Аяжан Ермек, Алексей Хаванцев, Аяжан Сыдық өз салмақ дәрежелерінде топ жарды. 

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

"Қазгидромет" Алматы, Астана және тағы бірнеше қала тұрғындарына ескерту жасады