Хоккейден ӘЧ-2024: Қазақстан құрамасы Германиядан ойсырай ұтылды

Сурет: ҚР хоккей федерациясы
2024 жылғы хоккейден Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы Германиядан ойсырай ұтылды. Есеп - 8:2, деп Zakon.kz.

Ғалым Мамбеталиев келесі құрамды ұсынды: Шутов (Бояркин) — Метальников-Бекетаев, Өмірбеков-Старченко-Рымарев; Орехов-Данияр См, Михайлис-Мұхаметов-Мұратов; Бреус-Диханбек, Панюков-Шестаков-Савицкий; Королёв-Гайтамиров, Бойко-Рахманов-Әсетов.

Кездесудің үшінші минутында Германия екі шайбаны қақпаға тоғытып үлгерді, бірақ содан кейін Роман Старченко арадағы алшақтықты қысқартты. Ойынның екінші бөлімінде немістер үшінші гол соқты, содан кейін Андрей Шутовты Никита Бояркин алмастырды, ол соңғы ысқырыққа дейін бес рет қақпаға шайбаны жіберіп алды, өз кезегінде отандастарымыз арасында Артем Королев те ерекшелене білді. Есеп: 8: 2, неміс хоккейшілері мықты екендіктерін дәлелдеді.

Осылайша, Қазақстан турнирде қатарынан төрт матчта жеңіліс тапты, еншімізде тек бір жеңіс бар. Қазақстан құрамасы келесі матчты 19 мамырда АҚШ-қа қарсы өткізеді.

Германия
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Алматыда 12 жастағы баланы өлтіріп кетті: күдікті – 13 жаста

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

1 шілдеден бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарының 50% жеке инвестициялық компанияларға бере алады

Шымкентте көлік дүкенге соғылып, өртеніп кетті: екі адам жансақтау бөлімінде жатыр