14 боксшымыз Elorda Cup турнирінің жеңімпазы атанды

Астанада бастау алған III Elorda Cup турнирі мәресіне жетті. Жарыс қорытындысы бойынша 24 салмақта жеңімпаздар анықталып, 8 боксшы былтырғы чемпиондық атақтарын қорғап қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана қаласынан өнер көрсеткен 15 боксшы ұл-қыздардың сегізі топ жарды. Оның 3-еуі – алтын, 3-еуі – күміс және 2-еуі – қола медаль, делінген елорда әкімдігінің ресми сайтында.

Атап айтқанда ұлдар арасындағы бәсекеде әлем чемпионы Нұрбек Оралбай осы турнирде жаңа 86 келіде чемпион атанды.

Тағы бір елордалық былғары қолғап шебері Асхат Жүсіпов айтулы турнирде күміс жүлдегер атанды. Асхат (48 келі) финалда жапон боксшысына 0:5 есебімен ұтылды.

Екінші жартылай финалда 48 келі салмақтағы елордалық Әли Тоқтаров жапон спортшысына 0:5 есебімен ұтылып, айтулы турнирдің қола жүлдегері атанды.

Қыздар арасында Аида Әбікеева (63 келі) Elorda Cup халықаралық турнирінің жеңімпазы атанды. Ол финалда 5:0 есебімен өзбек боксшысын ұтты.

Сондай-ақ, Ләззат Күнгейбаева (+81 келі) күміс жүлдегер атанды. Финалда жерлесіміз 4:1 есебімен Елдана Талиповадан ұтылды.

Тағы бір былғары қолғап шебері Сәния Сұлтанқызы (54 келі) турнирдің қола жүлдегері атанды.

Алты күнге жалғасқан бәсекеде командалық бойынша ТОП-3 орындар:

Ерлер: 

Әйелдер: 

Айта кетейік, 10 әлем чемпионы және 20-ға жуық Париж Олимпиадасының жолдама иегерлері жүлдеге таласты. Олардың қатарында Олимпиада жолдамасының иегерлері, Астана қаласының спортшылары Айбек Оралбай мен Нұрбек Оралбай бар. Бұл турнирде ағайынды Оралбайлар жаңа салмақта өнер көрсетті.

Жеңімпаздарға (1-орынға – 700 доллар, 2-орынға – 400 доллар, 3-орынға – 200 доллар) сыйақы берілді.

Астана
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: