Қазақстанның ауыр атлеті жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы атанды

Сурет: Оlympic.kz
2024 жылы 26 мамырда Қазақстан командасының өкілі Нұрдос Сабыр ауыр атлетикадан Лимада (Перу) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында жеңіске жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық олимпиада комитетінің хабарлауынша, Нұрдос 89 келіге дейінгі салмақта үздік атанды. Ол  қоссайыс қорытындысы бойынша 333 (148+185) келіні еңсерген. 

Күміс медальді Валерик Мовсесян (Армения), қоланы Бекзод Гофиржанов иеленген. 

Айта кетелік, былтырғы әлем біріншілігінде Нұрдос Сабыр екінші орынға тұрақтаған еді. 

Бұған дейін Перудегі әлем чемпионатында Ақжол Құрманбек 67 келіге дейінгі салмақта күміс медаль алған. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Бибісара Асаубаева Үндістандағы Global Chess League турнирінде алғаш рет жеңіске жетті

Астана, Алматы және Шымкенттегі 11 қыркүйектегі валюта бағамы

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді