Қазақстандық ауыр атлеттер алғаш рет Олимпиада ойындарына қатыспайды

Сурет: ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі
2024 жылғы Париждегі XXXIII жазғы Олимпиада 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді. Оның ашылуына 27 күн қалды. Бүгінгі таңда қазақстандық спортшылар 83 лицензия жеңіп алды. Алайда олардың арасында ауыр атлеттер жоқ, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы ҚР туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев ОКҚ алаңында мәлімдеді.

Оның айтуынша, қазір оқ ату мен семсерлесуден лицензия алудан оң динамика байқалып отыр. Ал, теннис пен еркін күрестен жолдама саны азайды. Сондай-ақ тарихта алғаш рет ауыр атлетикадан қазақстандық спортшылар Олимпиада ойындарына қатыспайды.


"Лицензия жеңіп алған барлық спортшы спорт түрлерінің ерекшеліктеріне, физиологиясына және әр спортшының қажеттіліктерін ескере отырып, жеке жоспар бойынша өз дайындығын өткізіп жатыр. Табысты дайындық үшін 10 спорт түрінен 14 шетелдік маман тартылған болатын. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша спорт саласындағы басқару институттары арасында тиімді коммуникацияларды үйлестіретін және қамтамасыз ететін Штаб құрылды", – деді спикер.

Дене шынықтыру және спорт академиясымен бірлесіп кешенді ғылыми топ құрылды. Спортты дамыту дирекциясы, Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры тарапынан спортшыларды сапалы даярлау үшін барлық қажетті жағдай жасалған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды