Грузия Президенті Саломе Зурабишвили Еуро-2024 футболшыларымен кездесті

Сурет: Instagram/salome_zourabichvili
2 шілдеге қараған түні Грузия Президенті Саломе Зурабишвили өз елінің футболшыларымен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол өзінің Instagram парақшасында команданы салтанатты түрде марапаттау кезіндегі фотосуреттерін жариялады. Футболшылар Тбилисидегі Бостандық алаңында құрметке ие болды. Марапаттау рәсіміне Премьер-министр Ираклий Кобахидзе де, президент Саломе Зурабишвили де шықты. Екеуі де қысқа да нұсқа сөз сөйледі.

Сурет: Instagram/salome_zourabichvili

Содан кейін Зурабишвили спортшыларды футболдың дамуына қосқан үлесі үшін Құрмет орденімен марапаттады. Қошеметке бөленген олар сахнадан түсіп, жанкүйерлерімен қауышты.

Сурет: Instagram/salome_zourabichvili

Айта кетейік, Португалия Словениямен өткен кездесуде жеңіске жетіп, Еуро-2024 ширек финалына шықты. Олар матчтан кейінгі пенальти сериясында 3:0 есебімен ұтты.

Ресей

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда күн жылып, ауа температурасы +27°C-қа дейін көтеріледі

Ақтауда еден жуушының шелегін тепкен мұғалім жазаланды

37 қылмыстық іс және 104-тен астам нысан: Қазақстан Қорғаныс министрлігін тексеру қашан аяқталады

Қазақстан Ұлттық банкі ипотека мен автокредитке қатысты маңызды шешім қабылдады

Атырауда мектепте қызға пышақпен шабуыл жасаған жасөспірім 15 жылға сотталды