Португалия Еуро-2024 ширек финалына шықты

Енді португалдықтар Еуро-2024 ширек финалында 5-нен 6 шілдеге қараған түні француздармен кездеседі. Словения құрамасы турнирден шығып қалды.
Алдағы матчта Мбаппе Роналдумен кездеседі.
Португалия – Словения арасындағы ойынның негізгі уақыты және одан кейінгі қосымша уақыты да 0:0 есебімен аяқталды.
Пенальти белгіленген Португалияның футболшысы Криштиану Роналду мүмкіндігін сәтсіз аяқтап, жылап жіберді.
‼️ Диогу Кошта! Вот это матч! Португалия идет дальше! 🧤#ЕВРО2024 pic.twitter.com/Ko48h0iRw7
— УЕФА (@UEFAcom_ru) July 1, 2024
Ал матч соңынан кейінгі пенальти сериясында Кошта Словенияның үш соққысына да тойтарыс берді. Португалия тарапынан пенальти сериясын Роналду бастап, бұл жолы ол мүлт кеткен жоқ. Одан кейін Бруну Фернандеш пен Бернарду Силва да пенальтиді дәл тепті. Қорытынды есеп – 0:0 ( пенальти - 3:0).