Елдос Сметов Олимпиада ойындарын сәтті бастады

Сурет: ҰОК
Дзюдошы Елдос Сметов Париждегі жазғы Олимпиада ойындарының алғашқы айналымынан сүрінбей өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық олимпиада комиетінің хабарлауынша, 60 келі салмақтағы алғашқы айналымда Сметов нидерландылық Торнуке Чакадуамен белдесті. 

Кездесу қосымша уақытқа дейін созылып, Торнуке үш рет ескерту алды. Осылайша, жеңіс Елдосқа берілді. 

Келесі кезеңде Елдос Сметов украиналық Ділшот Халматовпен кездеседі. Аталған спортшы өзбек  балуанын жарыс жолынан ығыстырған болатын. 


Бұған дейін Парижде жазғы Олимпиада ойындарында академиялық ескек есуден іріктеу кезеңінің жарыс жолына Қазақстан ерлер құрамасы атынан Владислав Яковлев шыққанын, ол мәре сызығын бесінші болып кескенін жазған болатынбыз. Ол енді жұбаныш сайысында бақ сынайды. Сондай-ақ нысана көздеуден Қазақстан командасы Париж Олимпиадасының іріктеу сынында сәтті өнер көрсетті. Олар енді қола медальға таласады.

Қазақстан
Еуроодақ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ақмола облысында салынып жатқан кірпіш зауытынан Қытайдың 75 азаматы ұсталды