Нысана көздеуден сәтті өнер көрсеткен Қазақстан командасы қола медальға таласатын болды

Нысана көздеуден жарыс, Париж-2024, Қазақстан командасы, қола медаль, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.07.2024 12:55 Сурет: ҰОК
Нысана көздеуден Қазақстан командасы Париж Олимпиадасының іріктеу сынында сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық олимпиада комитетінің хабарлауынша, пневматикалық  винтовкамен 10 метрге нысана көздеуден аралас командалық сында Ислам Сәтпаев пен Александра Ле өнер көрсетуде. Олар іріктеуде үшінші орыннан көрінді.  

Финалдық кезеңде қазақстандықтар қола медальға таласады. Біздің команданың қарсыласы – Германия құрамасы. 

Алтын медаль үшін Қытай мен Оңтүстік Корея мергендері өзара бақ сынасады. 

Ал Константин Малиновский мен Арина Алтухова 27-орыннан ғана көріне білді. 

Айта кетелік, финалдық кезең бүгін сағат 13:30-да өтеді.

Бұған дейін Парижде жазғы Олимпиада ойындарында академиялық ескек есуден іріктеу кезеңінің жарыс жолына Қазақстан ерлер құрамасы атынан Владислав Яковлев шыққанын, ол мәре сызығын бесінші болып кескенін жазған болатынбыз. Ол енді жұбаныш сайысында бақ сынайды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: