Нысана көздеуден Қазақстан командасының бас бапкері: Желдің бағыты кедергі келтірді

Сурет: ҰОК
Нысана көздеуден Қазақстан командасының бас бапкері Ольга Довгун Олимпиаданың іріктеуіне қатысқан Ислам Сәтпаев пен Константин Малиновскийдің нәтижесіне баға берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Жігіттер бүгін жақсы өнер көрсетті. Бүкіл бәсеке бойы келесі кезеңге өту үшін бар күштерін салды. Бірақ кей кездері желдің бағыты кедергі келтірді. Мұнда ылғалдылық жоғары. Сондықтан, желдің бағытынан хабар беретін жалаушаларды ескермеген сияқты", деп olympic.kz Довгунның сөзін келтіреді. 

Айта кетелік, Сәтпаев пен Малиновский үш позицияда нысана көздеуден (50 метр) сынға түсті. 

Ислам 18, Малиновский 25-нәтиже көрсетті.  Ал финалға алғашқы сегіз орынға іліккен спортшылар өтті. 

Айта кетсек, 27 шілдеде 10 метрге нысана көздеуден аралас командалық сында Ислам Сәтпаев пен Александра Ле қола медаль жеңіп  алды.

Қазақстан
Еуроодақ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды