Балуан Жадыраев сенсация жасап, Олимпиада-2024 жартылай финалына шықты

Сурет: Instagram/qaz_team_official
6 тамызда Париж кілеміне грек-рим стиліндегі қазақстандық балуан Демеу Жадыраев шығып, екінші сәтті жекпе-жектің нәтижесінде Жазғы Олимпиада ойындарының жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ҰОК мәліметінше, грек-рим күресінен Ұлттық құрама палуаны (77 кг) Демеу Жадыраев Париж Олимпиадасының ширек финалында Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері, әлем чемпионы Ақжол Махмұдовты жықты.

Финал жолдамасын Демеу Әзірбайжан өкілі Санан Сулейманов Золтан Леваи (Мажарстан) екеуінің біреуімен сарапқа салады.

Енді Демеу Жадыраевта Париж Олимпиадасының кемі қола медалі бар.

Бүгінгі, 6 тамыздағы ел намысын қорғайтын спортшылардың өнер көрсету кестесін мына жерден оқи аласыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Жауын-шашын түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

1200-ден астам құқық бұзушылық: Астанада жаппай рейд жүріп жатыр

Ұлытау облысында жыл басынан бері дрифт жасаған 14 көлік жүргізушісі жауапқа тартылды

Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша алдағы бес күнге арналған ауа райы болжамы

Қазақстандық пара спортшы Малик Мұқашев таеквондодан әлем чемпионы атанды