"Астана" Конференциялар лигасының іріктеу кезеңінде финалға шықты

Сурет: fcastana.kz
"Астана" УЕФА Конференциялар лигасының іріктеу кезеңінде финалға шығып, румыниялық "Корвинул" командасын 6:1 есебімен тағы жеңді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бірінші таймда елордалық клуб 13-минутта есеп ашты. Бұл ретте Джеффри Чинеду ерекшелене білді.

Марин Томасов 57-минутта "Астананың" артықшылығын еселеді, ал Чинеду 68-минутта есепті 3:0-ге жеткізді.

Назми Грипши 73-минутта Румыния клубының қақпасына төртінші голды соқты.

76-минутта бесінші допты Томас соқты.

78-минутта "Корвинул" сапындағы Михай Велисар ұзақтан гол соғып, бір ұпайға ие болды.

Соңғы голды 84-минутта Эльхан Астанов қарсылас қақпасына дөп түсірді. Есеп - 6: 1.

"Астана" турнирдің плей-офф кезеңінде "Сент – Миррен" (Шотландия) - "Бранн" (Норвегия) командалары кездесуінде жеңгенімен ойнайды. 

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Жауын-шашын түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

1200-ден астам құқық бұзушылық: Астанада жаппай рейд жүріп жатыр

Ұлытау облысында жыл басынан бері дрифт жасаған 14 көлік жүргізушісі жауапқа тартылды

Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша алдағы бес күнге арналған ауа райы болжамы

Қазақстандық пара спортшы Малик Мұқашев таеквондодан әлем чемпионы атанды