Юлия Путинцева Цинциннати турнирінде Кори Гауфты жеңгеннен кейінгі эмоцияларымен бөлісті

Қазақстандық әлемнің 34-ші ракеткасы Юлия Путинцева Цинциннатиде (АҚШ) өткен WTA-1000 теннис турнирінің екінші айналымында америкалық теннисші, әлемнің екінші ракеткасы Кори Гауфты жеңгеннен кейінгі, ойын туралы пікірімен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Теннисшінің айтуынша, ойын барысында оған жаттықтырушысы үлкен қолдау көрсеткен.

"Менің бар ойым бірдеңе істеп, жеңу болды. Ойын қиынға соқты. Кори екінші сетте жақсы ойнай бастады. Менің шабуылдарым мен соққыларыма қарсы тұрды. Мен оның барлық жерге үлгеріп, допты кері қайтарып жатқанын сездім. Соңғы сәтте менің соққыларым сәтті бола түсті. Бұл менің жеңісімде маңызды рөл атқарды. Сонымен қатар, ол маған аздап көмектесті. Маңызды сәттерде ол соққыларын бәсеңдетті",- деді Путинцева матчтан кейін.

Бұған дейін Юлия Путинцева Цинциннати турнирінде сенсация жасағаны белгілі болды. Ол күтпеген жерден әлемнің екінші ракеткасы Гауфты жеңді.

АҚШ Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: