Стенд атудан жастар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстанға тағы бір алтын медаль бұйырды

Стенд ату, Германия, жастар, Әлем чемпионаты, Элеонора Ибрагимова, Мария Горун, Милана Папчихина, алтын медаль, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.06.2026 19:58 Сурет: olympic.kz
Германияның Зуль қаласында өтіп жатқан стенд атудан жастар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық олимпиада комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, біздің команда әйелдер арасындағы командалық трап сайысында жүлдеге қол жеткізді. Финалда қазақстандық мергендер 337 ұпай жинады.

Әлем чемпионатының жеңімпаздары атанған спортшылар – Элеонора Ибрагимова, Мария Горун және Милана Папчихина.

Екінші орынды Италия құрамасының өкілдері Валентина Арчетти, Стелла Пьяцца және Мартина Монтани иеленді. Олардың нәтижесі – 335 ұпай. Бейтарап ту астында өнер көрсеткен Ресей құрамасы үшінші орынға тұрақтады. Дара Чупина, Ксения Степина және Ксения Татаринова 334 ұпай жинап, қола медаль еншіледі.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасының қоржынында жастар арасындағы әлем чемпионатының екі медалі бар. Бұған дейін нысана көздеуден Ринат Казаченко үш қалыптан шағын калибрлі винтовкамен ату бағдарламасында күміс жүлдегер атанған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: