Стенд атудан жасөспірімдер арасындағы ӘЧ-2026: Асылым Жақия алтын медаль иеленді

Асылым Жақия, Германия, алтын медаль, оқ ату, жасөспірімдер арасындағы ӘЧ, 2026, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.06.2026 19:32 Сурет: olympic.kz
Қазақстан құрамасы Германияның Зуль қаласында өтіп жатқан оқ ату спортынан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында кезекті медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық олимпиада комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, алтын жүлдені Асылым Жақия иеленді. Қазақстандық спортшы 25 метр қашықтықтан стандартты шағын калибрлі тапаншамен оқ атудан 554 ұпай жинап, әлем чемпионы атанды.

Екінші орынды 552 ұпаймен үндістандық Шауля Дилип Бхарне иеленді. Үздік үштікті тағы бір Үндістан өкілі Рия Дуггал (552 ұпай) түйіндеді.

Айта кетейік, Жақияның алтын медалі Қазақстан құрамасының осы әлем чемпионатындағы үшінші жүлдесі болды. Бұған дейін стенд атудан әйелдер құрамасы "трап" дисциплинасында алтын медаль жеңіп алса, Ринат Казаченко нысана көздеуден күміс жүлдеге қол жеткізген еді.

Бұған дейін қазақстандық құзға өрмелеушілер Польшадағы Әлем кубогы кезеңіне қатысатыны хабарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: