Қазақстандық құзға өрмелеушілер Польшадағы Әлем кубогы кезеңіне қатысады

Құзға өрмелеу, Польша, Әлем кубогы кезеңі, Қазақстан құрамасы, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.06.2026 19:26 Сурет: olympic.kz
Халықаралық құзға өрмелеу федерациясы Краковта (Польша) өтетін әлем кубогы кезеңінің қатысушылар тізімін жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық олимпиада комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстан құрамасының өтініміне сегіз спортшы енді.

Краковтағы ірі халықаралық жарыста Ришат Хайбуллин, Әмір Маймұратов, Дамир Тоқтаров, Рашид Хайбуллин, Әлішер Мұрат, Тамара Олжабаева, Анна Баларшина және Арина Новицкая ел намысын қорғайды.

Айта кетейік, қазақстандық құзға өрмелеушілер жекелей сындарда да, эстафеталық жарыстарда да бақ сынайды.

Әлем кубогының кезеңі 3-5 шілде аралығында өтеді.

Бұған дейін маунтинбайктан Қазақстан құрамасының бапкерлер штабы Ташкентте (Өзбекстан) өтетін 2026 жылғы Азия чемпионатына қатысатын спортшылар тізімін жариялаған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: