Таеквондодан жастар арасындағы ӘЧ-2025: Қазақстан спортшысы алтын медаль иеленді

 Ромашкин Хамзаальпер, БАӘ, жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты, алтын медаль, таеквондо, WT, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.05.2025 10:43 Сурет: Instagram/KTF
Біріккен Араб Әмірліктерінің Фуджейра қаласында өтіп жатқан таеквондодан (WT) жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан спортшысы алтын медаль иеленді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан таеквондо федерациясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, 61 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған Ромашкин Хамзаальпер финалда канадалық Никола Самордичпен өте тартысты жекпе-жек өткізіп, соңында жеңіске қол жеткізді. Екі раунд бойы қарсы тарап аса басымдық танытумен болды, алайда үшінші раундта жерлесіміз есепті теңестіріп қана қоймай, тіпті үш ұпайға канадалықты артта қалдырды.

Финалға дейін Ромашкин Иордания, Иран, AIN (бейтарап ту астындағы команда) және Тайпейден келген спортшыларды жеңген болатын. 

Биылғы әлем чемпионатына 80 елден 811 жасөспірім спортшы қатысып жатыр. Жарыс 14 мамырға дейін жалғасады.

Бұған дейін Бекзат Алмахан UFC-де сенсация жасағанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: