Бекзат Алмахан UFC-де сенсация жасады

Ол аралас жекпе-жек тарихында алғаш болып канадалық Брэд Катонаны (14-5) мерзімінен бұрын жеңген спортшы атанды.
27 жастағы Алмаханның нокауты UFC тарихындағы ең жылдам нокаут деп танылды. Осылайша Бекзат Алмахан небәрі 64 секундта қарсыласын нокаутқа жіберіп, жанкүйерлерін қатты таң қалдырды.
Holy shit! Bekzat Almakhan destroys Brad Katona #UFC315 pic.twitter.com/hUqzMUUJml
— Haduucken III (@HaduuckenIII) May 10, 2025
Катона кәсіби ММА-да 2014 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Осы уақытқа дейін ол төрт рет жеңіліп көргенімен, барлығы да тек төрешілер шешімімен аяқталған болатын. Бұл кездесу Алмаханның кәсіби мансабындағы он екінші жеңісі болды.
"Мен бұл араға жәй әшейін келгенім жоқ. Мен чемпион болу үшін келдім, Алланың қолдауымен чемпион да боламын", - деді аталған жеңісінен кейін журналистерге берген сұқбатында Бекзат.
Бұған дейін шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы сенсация жасап, Норвегияны ұтып кеткенін, бұған қатысты бапкері қандай пікір білдіргенін жазғанбыз.